Меню KDT
logo.png?_=1465365896
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ АТЫРАУСКОЙ ОБЛАСТИ
ru kz en
Новости

«Математикалық регата» олимпиадасы жоғары деңгейде өткізілді

23.06

Олимпиаданың негізгі мақсаты: педагогикалық мамандықтың беделін арттыру, олардың кәсіби шеберлігінің өсуіне ықпал ету.

Олимпиаданың негізгі  міндеттері:

- мұғалімдердің кәсіби дағдыларын жетілдіру, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдерді анықтау, оларды қолдау және ынталандыру;

- мұғалімнің қоғамдағы имиджін қалыптастыру, бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

- мұғалім мамандығының мәртебесін өсіру.

Олимпиадаға құрамы 4 (төрт) адамнан тұратын  20 команда қатысты.

Олимпиада төрт кезеңнен өтті. Әр кезең - үш тапсырманың ұжымдық шешімінен тұрды. Бірінші тапсырма - математикалық анализ негіздерінен немесе алгебрадан, екінші тапсырма – геометриядан, үшінші тапсырма – логикалық, комбинаторлық немесе «сандық» тапсырмалар болды.

І кезең тапсырмаларын шешуге 10 минут; ІІ кезең тапсырмаларын шешуге 15 минут; ІІІ тапсырмаларын шешуге 20 минут; ІV кезең тапсырмаларын шешуге 25 минут, барлығы 70 астрономиялық минут ұсынылды. Кезең қорытындылары электрондық таблодан көрсетіліп, қорытындысында 50 ұпай жинаған №5 Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектептің «Модуль» командасы І дәрежелі Дипломмен, №20 мектеп- лицейінің командасы мен №27 орта мектептің «Формулалар» командасы ІІ дәрежелі Дипломмен және М.Ломоносов атындағы орта мектептің «Пифагор», №19 мектеп-гимназиясының «Ақжол», №6 орта мектептің «Биссектриса», Қалалық IT мектеп- лицейінің  «Q-light» командалары ІІІ дәрежелі Дипломдармен марапатталды. «Ақтық кезеңге» қатысушы командалардан 19 ниет білдіруші қатысты. Оларға 15 минут ішінде 3 тапсырма орындауға беріліп, нәтижесінде оза шапқан жекелеген мұғалімдер жүлделі орындармен марпатталды. Атап айтсақ, қалалық IT мектеп- лицейінің  мұғалімі Шанина Жанар мен Б.Нысанбаев атындағы орта мектептің мұғалімі Мухтаргалиева Жайнар ІІІ дәрежелі Дипломмен марапатталса, №5 Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектептің мұғалімі Сайлаубаева Ақбота ІІ дәрежелі Дипломмен және қалалық IT мектеп- лицейінің мұғалімі Еркинова Ақерке І дәрежелі Дипломмен марпатталды. Осы аталған ұстаздар алдағы наурыз айында өтетін Республикалық «Математика регата» олимпиадасына жолдама алды. Ұстаздарымызға алда жарыста сәттілік тілейік!

 

  • Click to enlarge image 10.jpg
  • Click to enlarge image 11.jpg
  • Click to enlarge image 12.jpg
  • Click to enlarge image 13.jpg
  • Click to enlarge image 14.jpg
  • Click to enlarge image 15.jpg
  • Click to enlarge image 16.jpg
  • Click to enlarge image 17.jpg
  • Click to enlarge image 18.jpg
  • Click to enlarge image 19.jpg
  • Click to enlarge image 20.jpg
  • Click to enlarge image 21.jpg
  • Click to enlarge image 22.jpg
  • Click to enlarge image 23.jpg
  • Click to enlarge image 24.jpg
  • Click to enlarge image 25.jpg
  • Click to enlarge image 26.jpg
  • Click to enlarge image 27.jpg
  • Click to enlarge image 28.jpg
  • Click to enlarge image 30.jpg
  • Click to enlarge image 31.jpg
  • Click to enlarge image 32.jpg
  • Click to enlarge image 33.jpg
  • Click to enlarge image 34.jpg
  • Click to enlarge image 35.jpg
  • Click to enlarge image 36.jpg
  • Click to enlarge image 37.jpg
  • Click to enlarge image 38.jpg
  • Click to enlarge image 39.jpg
  • Click to enlarge image 40.jpg
  • Click to enlarge image 5.jpg
  • Click to enlarge image 6.jpg
  • Click to enlarge image 7.jpg
  • Click to enlarge image 8.jpg
  • Click to enlarge image 9.jpg
  •  


Жаңалықты мекеменің сайтында қарауЖаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения

Тема обсуждения

Краткое описание обсуждения
19.07.2016
0

Тема обсуждения2

Краткое описание 2
29.06.2016
0
Партнеры