Меню KDT
logo.png?_=1465365896
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ АТЫРАУСКОЙ ОБЛАСТИ
ru kz en
Новости

«Сыңғырла, соңғы қоңырау!»

01.06

2023 жылдың 1 маусымында Береке орта мектебінде «Балаларды қорғау күні» мерекесімен астасқан «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» салтанатты жиыны өтті. Мерекелік шара Әнұранмен басталып, бөбектердің ән, би, күй өнерлерімен жалғасын тапты. Мектеп бітіруші 14 түлектің мектеп қабырғасындағы облыстық, республикалық жетістіктерімен аталып, ортаға шығуы көпшіліктің көңіліне қуаныш сезімін ұялатты. Түлектердің мектебіне, ұстаздарына арнап шығарған авторлық өлеңдеріндегі  ұстаз ұлағатын ұлықтау, ризашылық, алғыс, қимастық сезімдері көрерменнің көзіне жас үйірді. Арман-мақсаттарын, тілектерін тілей отырып, әуелете ұшырған шарлары мен ақ көгершіндері түлектердің арманын асқақтатқандай. 5-сыныптан бері жетекшілік етіп келе жатқан Айсұлу Рашимқызын көпшілік құрметімен ортаға шақырып, «Шын жүректен» тақырыбымен ұйымдастырған қоштасу сәттері әсерлі де айшықты шықты. Түлектердің мектеп өмірімен қоштасу белгісі ретінде билеген «Қоштасу» вальсі көрерменге қатты әсер қалдырып, ерекше қошеметке ие болды. 14 түлектің ерекше сезіммен, биік талғаммен орындаған «Соңғы қоңырау» әнінен түлектердің ұстаздарына, мектебіне деген құрмет пен сағыныш, қимастық сезімдері айқын сезіліп тұрды.

Түлектерге  алдағы Ұлттық бірыңғай тест сынағынан сүрінбей өтіп,  Мемлекеттік емтихандарын табысты тапсыруларына тілектеспіз. Жаңа өмірлеріне ақ жол, сәтті сапар тілейміз!



Жаңалықты мекеменің сайтында қарауЖаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения

Тема обсуждения

Краткое описание обсуждения
19.07.2016
0

Тема обсуждения2

Краткое описание 2
29.06.2016
0
Партнеры