Меню KDT
logo.png?_=1465365896
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ АТЫРАУСКОЙ ОБЛАСТИ
ru kz en
Новости

Хабарлама

06.03

Шағын  орталық  тобында 40 тәрбиеленушілер  бар. Оңың  ұлы-23  қызы-17

Балалардың  қабілеті  жақсы  топтың,  жүріс  тұрысы   ширақ.   Үйренуге  тиісті тапсырмаларды ұғынуға тырысады. Тіл алғыш  балалар. Балалар әр түрлі шара

-ларға   қатысуға,  ән айтып , би билеп,тақпақ жаттап белсене араласады. Еңбексүйгіш өнерлі балалар. Олардың ішінде әр түрлі шараларға белсене араласып, тапсырмаларды  мұқият орындап отыратын балаларда бар. Берілген тапсырманы өз мүмкіндігінше орындайды. Күнделікті оқу іс-әрекетіне жақсы қатысып ,берілген сұрақтарға жауап беріп   отырады, қызығушылықтары жақсы.

« Бағдаршам »  тақырыбында ашық сабағы түрлі тапсырмалар беріліп  өткізілді.

Мақсаты :     Жолда жүру ережелері және жол белгілерімен, таныстыру.
Жолда жүру ережесін мұқият сақтауға, жауапкершілік сезімдерін дамыту. Баланы зейінді, епті болуға тәрбиелеу .

 

Жолда жүру ережесі басты назарға алынып, балалардың көшеде жүру ережелерін меңгеру дағдысын қалыптастыру және оны іс-жүзінде пайдалана білуін жетілдіру. Сақтыққа тәрбиелеу. Көрініс, өлең жолдарымен жеткізе білуі.




28.09.2021 жылы «Өрт тілсіз жау» атты тақырыптық сабақ өтті.  Ондағы мақсат: Балаларға өрт туралы түсінік беру. Өрттен сақтау жолдарын айта отырып , түрлі суреттер арқылы насихаттау. Соның ішінде сіріңкіден сақ аулақ болуы туралы , өрт кезіндегі алғашқы қауіпсіздік ережелерін үйрету. Өртке байланысты суреттер , карточкалар , сіріңке суреті т.б. көрнекіліктерді пайдаландық. Бұл тақырыптық сабаққа , мектеп тәлімгерімен Алғашқы әскерей мұғалімі  Утемесова  Асел , Сердаиев Әліпқали ұстаздарымыз келіп өрт туралы қосымша мәліметтер берді. Балаларға өртке жақындамау туралы оның қауіпті екені туралы мағұлмат бердім.

 Күз мезгілі мерекесін  балаларға насихаттауды тарбие  сағаты ертеңгілік  түрінде шағын орталық тобында. 20 .10 .21.  « Куз  жомарт» атты ертеңгілік өткізілді .   



Күз мезгіліне  өткізілген шаралардың басты мақсаты  балалардың күз  мезгілі туралы алған білімдерін тиянақтау ,  күз  ерекшеліктерін,  күз сыйын  ұғындыра  отырып, балаларға мерекелік  көңіл-күй сыйлау. Күз мезгілі мерекесін балаларға насихаттауды тәрбие сағаты, ертеңгілік түрінде шағын орталық тобында. Күз мезгіліне  өткізілген шаралардың басты мақсаты балалардың күз мезгілі туралы алған білімдерін тиянақтау, күз ерекшеліктерін, күз сыйын ұғындыра отырып, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.

 

Еліміздің тәуелсіздік мерекесіне  шағын орталық топтарында тәрбиелік шаралар өткізілді. Өткізілген тәрбиелік шараларды тарқата айтар болсақ, шағын орталық тобында « Менің  Отаным - Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.         ҚР егеменді ел болуын насихаттаудың басты мақсаты балаларға өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Қазақстанымыз туралы туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, ол үшін Тәуелсіз Республиканың рәміздері туралы білу, оларға қызмет етуге үйрету. Қазақстан туралы алған білімдерін дамыту. Отанын, елін шексіз сүюге тәрбиелеу болды .

 

Бүлдіршіндеріміздің  білім алудағы жағдаяттарына тоқталар болсақ, берілген тапсырмаларды өз мүмкіндігінше орындап жеткізеді. Күнделікті  жаттығу, ойын арқылы дәстүрлі және дәстүрлі емес оқу іс-әрекеттерімен сабақтасқан тәрбиелік жұмыстарға белсене қатысып, бойларында дарыған әртүрлі өнерлерімен көрінуде. Оқу іс - әрекет  кезіндегі берілген әр түрлі сауалнамалар мен тапсырмаларға қызығушылықпен талпыныс көрсету арқылы  логиқалық ойлау қабілетінің даму қарқынында.

     Атап көрсетілетін болса, 7 наурыз  күні  шағын  тобында  « Біз ананың  күніміз, ана біздің гүліміз»   атты   ата –аналармен бірге сайыс  өткізілді. Бұл  ата-аналармен және ұстаздардың  қатысуымен өтті.

Максаты: Балалардың анаға деген сүйіспеншілігін арттыру . Ана өмірдің нәрі екенін саналарына сіңіру. Ата-ананы сыйлай білуге тәрбиелеу



«Наурыз - біздің жаңа жыл» атты наурыз мейрамына арналған мерекелік шара өткізілді. Мақсаты:  Қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Қазақ халқының әдет-ғұрпы, салт-дәстүрлерін көрсету.Көрнекілігі: Қазақтың киіз үйдің жабдықтары, ұлттық тағамдар, бұйымдар, киімдер, ыдыс- аяқтар.

 Мерекелік шара көктем мезгілінің көркем табиғатын бейнелейтін «Наурыз  көктем» әнімен, бүлдіршіндердің орындауында «Наурыз шуағы»  биімен ашылды.



Шағын орталық тобында « Ертегі еліне саяхат »



Мақсаты :  Балаларды ертегінің айқын образын көрсете білуге , ертегі туралы түсініктерін бекіте отырып , сөйлеу мәдениетін , еркін сөйлеп өз ойларын дұрыс жеткізу арқылы ауыз әдебиетіне деген қызығушылықтарын арттыру . Ертегіні сақналау арқылы балалардың тіл байлығын , ой қиялын дамыта отырып , рөлге кіре білуге үйрету .

 

Шағын топ тәрбиеленушілері  1 мамыр халықтар достығы күніне арналған мектепішілік іш шараға қатысып жүлделі орындарға ие болды .

 

 Шағын орталық тәрбиешілері  :   Сабирова А

                                                         Қызылқанатова Р

 







Жаңалықты мекеменің сайтында қарауЖаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения

Тема обсуждения

Краткое описание обсуждения
19.07.2016
0

Тема обсуждения2

Краткое описание 2
29.06.2016
0
Партнеры