Меню KDT
logo.png?_=1465365896
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ АТЫРАУСКОЙ ОБЛАСТИ
ru kz en
Новости

СӘТ САПАР, ЖАС ТҮЛЕК!🕊

06.03

17 маусым күні Атырау қаласы  Жалпы білім беретін Алмалы орта мектебінде мектеп бітіруші түлектерге аттестат тапсыру мерекесіне арналған "Түлек 2022 - Жаңа Қазақстанның ертеңі” атты жиын өткізілді. Алғашқы құттықтау сөзді мектеп директоры Айгул Максоткызы  алып, алтын ұядан қанат қаққалы тұрған түлектердің қадамына сәт-сапар тіледі. Жүректерге қуаныш-шаттықпен қоса қимастық сезім сыйлаған шарада барша жас түлектерге ыстық ықылас пен ақ тілектер ақтарылды. Мектеп директоры бітіруші түлектерге жалпы орта білім туралы аттестатпен жекелеген пәндерді үздік оқып, мектеп өміріндегі қоғамдық шараларға белсене атсалысқан, мектеп абыройын асқақтатып жүрген дарынды шәкірттерге айрықша мақтау қағаздарын табыстады. 11 «А»  жетекшісі Алтынгул Кенжетаева   балалық шақпен қоштасып, үлкен өмірге аяқ басқалы тұрған шәкірттеріне ақ жол тіледі. Адам баласы үшін білім басты құндылықтардың бірі. Білімді жастар Жаңа Қазақстанның ертеңі.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарауЖаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения

Тема обсуждения

Краткое описание обсуждения
19.07.2016
0

Тема обсуждения2

Краткое описание 2
29.06.2016
0
Партнеры