М.В.Ломоносов атындағы жалпы орта мектебінде “Біртұтас тәрбие бағдарламасы"аясында 1 мамыр мейрамына арналған "Береке-бірлікте" тақырыбында сынып сағаттары өтті. Оқушылардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды
Халқымыздың бірлік салты отбасынан басталып, бүкіл елдің, барлық адам баласының бірлігімен ұласады. Дүниежүзінде бәрімізге керек – тыныштық, бірлік. Көп ұлтты Қазақстан халқы бірлік пен татулықты сақтап келе жатыр.
Оқушылар да сынып сағатында достық, татулық туралы түсініктерін кеңейтіп, достықты әрқашан бағалайтынын білдірді.