Меню KDT
logo.png?_=1465365896
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ АТЫРАУСКОЙ ОБЛАСТИ
ru kz en
Новости

Тіл мәртебесі – ел мерейі

02.06

Қазақстанда тұрып жатқан әрбір этнос мемлекеттік тілді білуі тиіс. Елбасының сөзімен айтқанда, «бұл істің табыстылығы тек мемлекетке ғана емес, сонымен бірге бүкіл қоғамның белсенділігіне де байланысты». Бұл тұтас қоғамның ішінде БАҚ өкілдері де бар. Сондықтан да, орыс тілді БАҚ-тардағы әріптестерімізді қазақ тілін дамыту туралы айтылған әрбір бастамаға құрметпен қарап, соны адал жүрек, шын ниетпен жан-жақты насихаттауға, көрсетуге шақырамыз. Бұдан олардың бәстері артпаса, кеми қоймас.

Біздіңше жалпы қоғамды, өскелең жас ұрпақты Отанды сүюге, мемлекеттің әрбір құндылықтарын қастерлеуге, патриоттық рухта тәрбиелеуде, сондай-ақ мемлекеттік тілді дамыту ісінде бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) алдыңғы қатардан табылып, бұл істердің игілікті болуы үшін бір атаның баласындай үлес қосулары тиіс.

Жоғарыдағы құндылықтардың барлығының төрінде Қазақстандағы мемлекет құраушы ұлт - қазақтардың ғасырлар бойғы алтын қазынасына айналған әрі қазіргі уақытты ұлтты ұйыстырып отырған - қазақ тілі тұр. Бұны, әсіресе, орыс тілді БАҚ өкілдері жете түсінсе дейміз.

Осы шағын ғана тұжырымнан ұлт үшін тілдің маңыздылығы, құдіреті қаншалықты екенін сезуге болады. Құдайға шүкір, тәңір сыйлаған тәуелсіздіктің арқасында жоғалып бара жатқа сөзіміз жардың басынан қайтып, жұртымыз жаһанданудың жалынына жұтылып кеткен жоқ. Бай тілімізде бұған дейін белгісіз болып келген талай құнды дүниелер, жауһар жәдігерлер жарыққа шығып, мәдени мұрамыз түгенделді. Кез-келген жерде қазақша сөйлеуден қымсынбайтын болдық.

Атырау облысы бойынша «ХҚКО» департаментінің баспасөз қызметі


Жаңалықты мекеменің сайтында қарауЖаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения

Тема обсуждения

Краткое описание обсуждения
19.07.2016
0

Тема обсуждения2

Краткое описание 2
29.06.2016
0
Партнеры